×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Британиялықтар келе жатыр!»: Трамп британиялықтарды Харриске көмектесті деп айыптады

25.10.2024, 01:05
«Британиялықтар келе жатыр!»: Трамп британиялықтарды Харриске көмектесті деп айыптады
BBC

Дональд Трамптың сайлау штабы АҚШ-тың Федералдық сайлау комиссиясына шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАРРИСТІҢ ШТАБЫН АЙЫПТАДЫ

Екі апта қалғанда Дональд Трамптың сайлау штабы АҚШ-тың Федералдық сайлау комиссиясына шағым түсірді, онда Ұлыбританияның Лейбористік партиясын АҚШ сайлауына араласты деп айыптады. Штабтың мәлімдеуінше, лейборист белсенділері Трамптың қарсыласы Камала Харриске науқан жүргізуге көмектесуде. 

«БРИТАНИЯЛЫҚТАР КЕЛЕ ЖАТЫР!» 

«Британиялықтар келе жатыр!» деген атаумен жарияланған мәлімдемеде Трамп штабы 1775–1783 жылдардағы АҚШ тәуелсіздік соғысына сілтеме жасап, лейбористерь Харристің либералдық саясат пен риторикасын қолдайтынын айтады. Трамп штабы Лейбористік партия өз мүшелерін Харриске науқан жүргізуге шақырып, жұмыстарына ақша төлеп жатқанын мәлімдеді, бұл АҚШ заңдарына қайшы келеді. 

Алайда BBC және басқа дереккөздер лейбористер АҚШ-қа жеке тұлға ретінде барып, тегін жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Трамптың шағымында Лейбористік партияның Харриске көмек көрсетуі «заңсыз шетелдік араласу» деп танылуы керек деген талап қойылған.