Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Еуропа мен көршілес мемлекеттерде көмірдің құны Қазақстанмен салыстырғанда екі есе қымбат екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАҒА ҚҰБЫЛУЫ МҮМКІН
Ведомство келесі жылы көмір бағасы инфляцияға байланысты құбылуы мүмкін деген пікірде.
Яғни жанар-жағармай қымбаттап, кеншілердің жалақысы артса, көмір бағасы да көтерілуі мүмкін.
Қазір министрліктің қатты отын бағасын қадағалауға құзіреті жоқ. Бұл жұмыс жергілікті әкімдіктер бақылауында.
ҚАЗІР КӨМІР БАҒАСЫ ҚАНША
Халыққа сатылатын көмір бағасы әр аймақта әртүрлі. Мәселен “Шұбаркөл” көмірі коммерциялық субъектілерге сатылатын бағадан 25 пайыз арзан. Егер бағасын алыстырмалы түрде айтар болсақ, “Шұбаркөлдің” көмірі тоннасына — тоғыз мың теңге. “Қаражыра” одан шамалы арзан. “Майкөбе” көмірі – 7800 теңге, – дейді Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан Қазақстаннан алатын көмірден бас тартатынын жазған болатынбыз.