×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Аида Балаева Өзбекстандағы қандастармен кездесті

19.09.2021, 15:10
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен

Ташкентте өткен Өзбекстандағы қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесу барысында министр Аида Балаева мемлекет басшысы халыққа Жолдауында  көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге бастама бергенін мәлім етті. Сондай-ақ, жалпы тарихи Отанына келетін қандастардың бейімделуіне жәрдемдесуге қабілетті сұрақтар өзектендірілгенін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен хабарлағандай, Аида Балаева осыдан бұрын қандастарға Қазақстан азаматтығын алу бойынша тиісті құжаттарды беру, қандастар қатарындағы жастар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында берілетін квоталар туралы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі мен мерзімдері айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өткен. Сонымен қатар, министр қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Министрмен кездесуге Өзбекстан қазақ жұртшылығының көрнекті өкілдері, оның ішінде республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы С.Үсенов, академик, профессор Қ.Сейданов және басқалар қатысты.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда әлемдегі ірі қазақ қауымдастықтарының бірі тұрып жатыр және өткен жылы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен осы елдің астанасы Ташкентте «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйі ашылған болатын.

Серіктес жаңалықтары