×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Теңіздің ластануы: Маңғыстаудағы ит балықтардың қырылуын тексеріп жатыр

28.10.2024, 12:38
Теңіздің ластануы: Маңғыстаудағы ит балықтардың қырылуын тексеріп жатыр
Коллаж Ulysmedia

Ихтиолог, гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова Ulysmedia.kz редакциясына Қызыл кітапқа енген итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты.

СЫНАМА АЛУ МҮМКІН ЕМЕС

Баймұқанова бүгінде ит балықтардың қырылу себебі әлі анықталмағанын айтты. Оның сөзінше, барлық дерлік дене ыдыраудың 3-4 сатысында болғандықтан, гистологиялық, вирусологиялық талдау үшін сынамаларды алу мүмкін емес. 

"Зертханаға келгеннен кейін мамандар талдауға кіріседі. Қазір олар жасын анықтау үшін морфометриялық көрсеткіштерді, азу тістерін алады", – дейді ол.

СЕБЕПТЕРІ

Алдын ала нұсқа бойынша, итбалықтардың өлімі теңіздің ластануынан және олардың иммунитетінің төмендеуінен болуы мүмкін.

Осыған ұқсас жағдай 2022 жылы болған. Ол кезде ондаған итбалық өлекселері жағалауға шығып қалған еді. Ол кезде бұрынырақта өлген итбалықтар құрлыққа желдің әсерінен шығып қалғаны анықталған.

Бұған дейін Маңғыстаудағы жағалауда 150 ден астам итбалықтың өлексесі табылған.

Қырылған итбалықтарды алғаш көрген видеограф әрі блогер Азамат Сәрсенбаев дауылдан кейін Түпқараған ауданындағы жағалауға өлген итбалықтар лақтырылғанын хабарлаған. Ол теңіз жануарларының көбінің денесінде механикалық зақым бар екеннін айтады.