×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Volkswagen мен BMW зауытының жұмысшылары ереуілге шықты

30.10.2024, 00:10
Volkswagen мен BMW зауытының жұмысшылары ереуілге шықты
BILD

Сейсенбіге қараған түні Германияда IG Metall кәсіподағы ұйымдастырған металлургия және электротехника саласы қызметкерлерінің ереуілдері басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Bild басылымының мәліметінше, бұл наразылық акцияларына ірі автокөлік өндірушілері – Volkswagen (VW) және BMW қызметкерлері де қосылған. 

Volkswagen-нің жабылу қаупі төніп тұрған зауыты орналасқан Төменгі Саксонияның Оснабрюк қаласында шамамен 250 қызметкер ереуілге шықты.

Баварияның Регенсбург қаласында ереуілге қатысушылар BMW зауытының алдында талаптар жазылған плакаттар ашып, сондай-ақ Ингольштадттағы Audi зауыты жанында да осындай шаралар өткізуді жоспарлауда.

БҰҒАН ДЕЙІН

Volkswagen автомобиль концерні Германиядағы кем дегенде үш ірі зауытты жауып, он мыңдаған жұмыс орнын қысқартуы мүмкін екенін жазған едік

Директорлар кеңесі өкілдерінің айтуынша, Концерн Германия аумағындағы он зауыттың кем дегенде үшеуін жауып қана қоймай, қалғандарының жұмысын едәуір қысқартуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, компания басшылығының жоспарлары жалақыны қысқартуды және бүкіл бөлімдерді шетелге аутсорсингке беруді қамтиды.

Германиядағы VW зауыттарында шамамен 120 мың адам жұмыс істейді, олардың жартысына жуығы Вольфсбургтегі негізгі зауытта.