Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова өзі жауапты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің даулы мәлімдемесіне түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖУРНАЛИСТ & ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР
Журналистер жалақы туралы отырыстан кейін тұрғындар арасында қызу талқы болғанын айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтқандай, аймақтарда 600 мың теңге ұсынатын жұмыс орындары жоқ екенін, “халық ондайға барғысы келмейді” деу арқылы еңбекмин шындыққа сай емес ақпарат таратқанын айтып, осыған түсінік беруді сұрады. Тамара Дүйсенова сұрақтан жалтаруға тырысты.
- Журналист: Біздің үкімет ажырап қалғаны соншалық, аймақтардағы жағдайды білмейтін сияқты?
- Тамара Дүйсенова: Бәлкім, бұл сұрақты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне қою керек шығар…
- Журналист: Бірақ сіз осы салаға жауапты вице-премьерсіз ғой?
- Тамара Дүйсенова: Бұл сол министрдің пікірі.
- Журналист: Бірақ бұл ресми деректер ғой?
- Тамара Дүйсенова: Әріптестер, тұра тұрыңыздар, ол экономикадағы орташа жалақы туралы айтқан жоқ, ол жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасына ілетін ақпарат бойынша айтты. Сондықтан қандай кәсіпорын, қандай маман туралы айтқанын нақтылап, ақпаратты алу керек.
- Журналист: Орташа жалақы 300 мың теңгеден жоғары дегенде бұл шынайы жағдаймен сәйкеспейді деп санамайсыз ба? Мүмкін министр миллион алатын шығар, ал біреу 100 мың…
- Тамара Дүйсенова: Ресми статистика бар, ол барлық жұмыс берушілердің дерегін ұсынады. Орташа жалақы төменгіден жоғарыға қарай алынады. Бұл ресми ақпарат, сондықтан ол шындыққа сай келмейді деп айта алмайсыз.
СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ МӘЛІМЕТІ
ІІ тоқсанның қорытыындысына сай, Қазақстандағы орташа жалақы 403 251 теңгеге жеткен. Медиандық жалақы 278 296 теңге, ең төменгі жалақы 85 000 теңге..