Бұл туралы құқыққорғаушы Бауыржан Азанов фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БАССЫЗДЫҚҚА РЕАКЦИЯ
“Қапшағайда (қазіргі Қонаев) Алматы облысы прокуратурасының ғимаратында қамауға алынған қыздың анасы өзін өртеуге әрекет жасады.
Оқиға орнына өрт наряды, жедел медициналық жәрдем каретасы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.
Алматы облысы прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен болған бассыздық қамауға алынған қыздың анасының осындай реакциясын тудырды” дейді құқыққорғаушы.
Облыстық прокуратура аталған жайтқа байланысты пікір білдірмеді.
Ulysmedia.kz Алматы облысы полиция департаментіне оқиға туралы сұрау салып қойды.
Ақпарат жарияланған тұста ресми органдардан жауап келген жоқ.