×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

Сауда соғысы: ЕО Қытайдан келетін электр көліктерінің тарифтерін күрт көтерді

Бүгін, 17:06
Сауда соғысы: ЕО Қытайдан келетін электр көліктерінің тарифтерін күрт көтерді
Фото: AFP

Еуропалық Одақ Қытайдан әкелінетін электр көліктеріне қосымша 35,3%-ға дейінгі тарифтерді енгізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

АЛЫП КОНЦЕРНДЕР ҚАРСЫЛЫҒЫ

AFP ақпарат агенттігінің мәліметінше, Германия канцлер Олаф Шольці мұндай баждарды енгізуге қарсы болған. BMW, Mercedes және VW сияқты неміс өндірушілері де бұл бастаманы біржақты сынға алған. Өйткені компаниялар жазалау тарифтерін еуропалық автомобиль өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттырмайтын дұрыс емес тәсіл деп санайды.

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАУАБЫ

Қытайдың бұл қадамға жауабы өзін көп күттірмей, қазірдің өзінде алғашқы ескерту ретінде еуропалық алкогольге 39%-ға дейінгі тарифтер енгізді. Бұл әсіресе әсіресе Францияға қатысты.

ЕО-НЫҢ ӨЗІ ЗАРДАП ШЕГЕДІ

ЕО осылайша еуропалық индустрияны тарифтер арқылы қорғағысы келеді. Алайда жаңашылдықтан Қытайда жиналатын еуропалық модельдер де зардап шегеді. Олардың ішінде бағасы 16 900 еуродан басталатын арықтағы ең арзан электр көлігі румындық Dacia Spring те бар.

ЕУРОПАЛЫҚ АВТОИНДУСТРИЯДАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙ

Кеше Германияда металлургия және электротехника саласы қызметкерлері ереуілге шыққан. Оған ірі автокөлік өндірушілері – Volkswagen (VW) және BMW қызметкерлері де қосылған. 

Volkswagen-нің жабылу қаупі төніп тұрған зауыты орналасқан Төменгі Саксонияның Оснабрюк қаласында шамамен 250 қызметкер ереуілге шыққан.

Баварияның Регенсбург қаласында ереуілге қатысушылар BMW зауытының алдында талаптар жазылған плакаттар ашып, сондай-ақ Ингольштадттағы Audi зауыты жанында да осындай шаралар өткізуді жоспарлауда.

БҰҒАН ДЕЙІН

Volkswagen автомобиль концерні Германиядағы кем дегенде үш ірі зауытты жауып, он мыңдаған жұмыс орнын қысқартуы мүмкін екенін жазған едік

Директорлар кеңесі өкілдерінің айтуынша, Концерн Германия аумағындағы он зауыттың кем дегенде үшеуін жауып қана қоймай, қалғандарының жұмысын едәуір қысқартуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, компания басшылығының жоспарлары жалақыны қысқартуды және бүкіл бөлімдерді шетелге аутсорсингке беруді қамтиды.

Германиядағы VW зауыттарында шамамен 120 мың адам жұмыс істейді, олардың жартысына жуығы Вольфсбургтегі негізгі зауытта.