Қайғылы оқиға «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ауыр жүк көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, аударылған.
Куәгерлердің айтуынша, апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға туралы Мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. "Қазхром ТҰК" АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мен туыстарына көңіл айтады. Компания отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетеді,-делінген зауыттың баспасөз қызметінің хабарламасында.
“Қазхром” корпорациясы “Еуразиялық үштік” деп аталатын олигархтар – Александр Машкевич, Патох Шодиев және Ибрагимовтар отбасылары тиесілі ERG корпорациясының құрамына кіреді.
Бұған дейін Қазақстанға төлеген салығы азайып жатқан Машкевич компаниясының есебі жарияланған.