×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Ербол Әліқұлов қызметінен босатылды

30.10.2024, 19:01
Ербол Әліқұлов қызметінен босатылды
gov.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Әліқұлов берген өтінішіне сәйкес мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.
1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді. 
2002-2005 жылдары – Алматы қ. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.
2006-2009 жылдары – Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.
2009-2013 жылдары – Алматы қ. Жетісу ауданының әкімі.
2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары – Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.
2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.
2017-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік  инспекторы.
2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.
Соңғы қызметіне 2024 жылғы 7 ақпанда тағайындалған.