Еуропалық комиссия Temu маркетплейсі контрафактілі және қауіпті өнімдерді сатуы мүмкін деп күдіктенуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Еуропалық комиссия Қытайдың Temu онлайн сауда платформасына қатысты айыппұл салу процесін бастады. Бұған қоса, сыншылар бұл дүкеннің парақшасы сатып алушыларда тәуелділік тудырып, оларды жоспарланбаған шығындарға итермелейтіндей етіп жасалғанын айтуда.
ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА ТУРАЛЫ
Айта кетейік, бұл онлайн-платформа Қазақстанда мобильді құрылғылар арқылы сауданың ыңғайлылығымен және уақытша жеңілдіктер туралы тұрақты хабарламаларымен танымал болды. Temu Kazakhstan маркетплейсінің ресми парақшасында 370 мыңнан астам жазылушы бар.
БҰҒАН ДЕЙІН
«Қазпошта» қызметінің мәлімдеуінше, Pinduoduo желісі тауарларды Қазақстанға уақытша жеткізбейтінін хабарлаған едік.
Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. 2015 жылы құрылған, штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.
Еске салсақ, Kaspi Түркиядағы ең ірі маркетплейстің бірін сатып алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ ресейлік маркетплейстер Қазақстанда сату көлемін еселеп арттырғанын хабарладық.