×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Kazakh Invest Астанада 80 млн теңгеге дөңгелек үстел өткізіп жатыр: пайдасы бар ма

01.11.2024, 13:35
Kazakh Invest Астанада 80 млн теңгеге дөңгелек үстел өткізіп жатыр: пайдасы бар ма
Ulysmedia коллажы

Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге бұл жолы әлемнің бірнеше мемлекетінен инвесторлар келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

БИЫЛ ЖЕТІНШІ РЕТ

KGIR-2024 ұйымдастырушысы “Kazakh Invest” компаниясы бұл іс-шараны Қазақстандағы “негізгі инвестициялық оқиға” деп атайды. Жалпы шара 2017 жылдан бастап жыл сайын ел премьер-министрінің басшылығымен өткізіліп келеді. 

Жиынға келген үкімет басшысы Олжас Бектенов ең маңызды басымдықтың бірі – отандық өнеркәсіпті дамыту екенін айтады. Оның сөзінше, отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттырады. Мультипликативті ірі инвестициялық жобалар әртараптандырылған экономикалық экожүйенің қалыптасуына ықпал ете отырып, шағын және орта бизнес белдеуінің дамуына әсер етеді. 

Премьер-министрдің сөзінше, Қазақстан инвесторларға «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен ұлттық құқықтық жүйесінде ағылшын құқығы арасында таңдау мүмкіндігін ұсынған.

– Біздің тараптан инвесторларды қорғаудың тағы бір маңызды құралы – бизнеске қатысты заңсыз шешімдерді жою. Мұндайда прокурорлық сүзгі маңызды. Инвестицияларды көтермелеп, өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерге қол қойдық. Осындай келісім 51 елмен жасалды», – дейді Олжас Бектенов. 

Бектеновтен кейін кезек-кезек мінберге шыққан шетелдік ірі инвесторлар өздері не ұсына алатынын айтысты. Ал іс-шара өтіп жатқан залдың дәлізінде шетелдік ірі компаниялардың бұрышы орналастырылған. Олар бірге бизнес жүргізуде өз мүмкіндіктерін ұсынады. Журналистер Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловты сөзге тартқанда сол компаниялардың бірі Қытайдың ірі Fufeng Group компаниясы Ақмола облысында дәнді-дақылдарды өңдейтін зауыт салатынын айтты.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ПАЙДАСЫ НЕДЕ

Осылай инвесторларды шақырып, үлкен іс-шара өткізудің пайдасы қандай? Оған қанша қаражат шығындалды? Ulysmedia.kz тілшісі осы сұрақты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басшысы Ержан Елекеевке қойған. Оның айтуынша, 2023 жылы шетелдік инвестицияның жалпы мөлшері 23 млрд АҚШ долларынан асқан. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсектіш 15 пайызға аз. Десе де ұлттық компания басшысы тереңірек үңілсе, мұнай-газ саласына салынған инвестиция азайып, өнеркәсіпке салынған инвестиция артқанын айтады. Мұны ол “сапалы инвестиция” деп атайды. 

– Бұл форум Қазақстанға инвестиция саламыз ба, жоқ па деп ойланып отырған адамдар үшін жасалған. Әртүрлі елден 500 инвестор келді. Диалог болды. Бұрыннан келе жатқан компаниялар ойланып отырғандарға өз тәжірибесін бөлісті. Бүгінгі мақсат – сол ойланып отырған компанияларды көндіру, – дейді ол.

Елекеевтің сөзінше, іс-шараға 80 млн теңгеге жуық қаражат кеткен. Мұндай салтанатты форумды өткізуге арнайы бюджеттен ақша бөлінген.

– Осындай жетістіктерге жету үшін (қаражатты) іс-шараға жыл сайын Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар жөніндегі жеке комитеті бөледі. Бұл имиджді дамыту, инвесторлар арасында имиджді танымал ету тұрғысынан өте маңызды, – деп түсіндірді ол.

Дөңгелек үстел әлі де жалғасып жатыр.