×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Заңсыз тасымал. 70 тонна бидай үшін 370 мың теңге айыппұл арқалады

01.11.2024, 14:30
Заңсыз тасымал. 70 тонна бидай үшін 370 мың теңге айыппұл арқалады
ашық дереккөз

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Шарбақты стансасында 70 тонна бидайды Қазақстанға заңсыз өткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күдікті әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 200 теңге айыппұл салынды.

Агронеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының бөлімшесі шекара қызметі мамандарымен бірлесе отырып, жүк айналымын тұрақты бақылауға алған.

Инспекторлар шекарашылармен бірге Ресей Федерациясынан ҚР аумағына ауыл шаруашылығы өнімін заңсыз тасымалдамақ болған жүк алушыны анықтады. «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС Шарбақты стансасында темір жол вагоны арқылы 70 тонна азықтық бидайды Қазақстанға алып өтпек болған. Ауыл шаруашылығы министрінің тамыз айындағы бұйрығына сәйкес, сырттан бидай әкелуге тыйым салынған, – дейді Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Арман Шүйкенов.

Шарбақты аудандық соты жүк алушыны «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 400-бабы 2-бөлімінің 2-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартып, 369 200 теңге көлемде айыппұл салған.

Аумақтық инспекция тиелген 70 тонна бидай өнімін темір жол вагонымен Ресей Федерациясына қайтарды.