×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Жалған пәтер сатқан. Бірнеше құрылыс компаниясының басшысы сотталды

01.11.2024, 16:15
Жалған пәтер сатқан. Бірнеше құрылыс компаниясының басшысы сотталды
ашық дереккөз

Атырауда бірнеше құрылыс салушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Andora Construction» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісім жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтер сатқан.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Atameken Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде биыл құрылыс салушы 2 компания да әкімшілік жауапқа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Бұл ретте, прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақтылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстауда – делінген облыстың прокуратура таратқан ақпаратта.