×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Байқоңырда шетел азаматтары ұсталды

01.11.2024, 17:15
Байқоңырда шетел азаматтары ұсталды
ашық дереккөз

Шетелдіктер зымыран тасығышты суретке түсіруге тырысқаны үшін ұсталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байқоңырда Франция мен Германия азаматтары зымыран тасығышты суретке түсіруге тырысқаны үшін ұсталды, – деді құқық қорғау органы өкілдері.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Shot дерегінше, полиция бөлімшесіне 21 жастағы француз азаматы Аксель Оливьер Роберто Гуйено мен оның танысы, 26 жастағы неміс Юлиан Карл-Юрген Поренц жеткізілген.

Олар телефон камерасымен видео түсірмек болған деп айтылады. Ұсталғандарға әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жеткізілген.

Шетел азаматтары өздерінің турист екенін, Байқоңырды көруге келгенін және сынақ жүріп жатқан маңға жақындағанын айтқан.

БҰҒАН ДЕЙІН

2022 жылы мамырда Байқоңыр қаласында "Оңтүстік" айлағының аумағында британ блогері Бенджамин Рич ұсталған еді. YouTube-те үш млн-нан астам жазылушысы бар блогер бұрынғы совет елдерін аралап, сол туралы видео блог жүргізген. Блогерге 60 фунт (шамамен 77 доллар) айыппұл салынып, босатылған.

Шілдеде Байқоңыр айлағында Нидерланды және Бельгияның үш азаматы ұсталған. ТАСС сол кезде ұсталғандар айлақ аумағына заңсыз кіргенін жазған. Маусымның басында Байқоңыр аумағынан Францияның екі азаматы жүргені анықталған. Кейін олардың айлақ аумағына кірмек болған диггер (жерасты нысандарын зерттегісі келетін субмәдениет өкілдері) екені айтылды.

Байқоңыр қаласы мен оның айлақ орналасқан аумағын Ресей 2050 жылға дейін Қазақстаннан жалға алған, ол федералдық маңызы бар қала статусына ие. Ресей жалға алғаны үшін жылына 115 млн доллар төлейді.