×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Донбастағы шегініс: Украина әскері әлсіреді ме, әлде Ресей күшейді ме

02.11.2024, 19:30
Донбастағы шегініс: Украина әскері әлсіреді ме, әлде Ресей күшейді ме
Reuters

Ресей әскері Донецк аймағындағы шабуылының қарқынын едәуір арттырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-дің Украинадағы қызметіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙЫ

Ресей әскері Донецк аймағындағы шабуылын үдете түсіп, күздің алғашқы екі айында айтарлықтай аумақты бақылауға алды. Оның аумағы, сарапшылардың пікірінше, үлкен соғыс басталғалы бергі рекордтық көрсеткішке жеткен.

Украинадағы кейбір әскерилер мен саясаткерлер де Украина майданының «ыдырап жатқаны» туралы айта бастады.

”Барлығымыз білеміз – бұл жерде мен әскери құпияны ашып отырған жоқпын – біздің фронт қирады”, – деп мәлімдеді 27 қазанда сұхбатында соғыстың басында Николаевты қорғауды басқарған украин генералы Дмитрий Марченко.

Оның айтуынша, фронттың «құлауының» негізгі себептері – Украина Қарулы күштерінде оқ-дәрі мен жеке құрамның жетіспеушілігі, сондай-ақ «басқарудағы үйлесімсіздік». Бұл әсіресе, әскери бөлімдер қолбасшыларының жиі ауысуы мен дайындықсыз бөлімшелердің жаңа бағыттарға жіберілуінен байқалады (мысалы, қазан айының басында Угледар маңында болған жағдай).

“Фронт құлап жатыр” деген тұжырымды бірден ресейлік насихатшылар мен Z-арналар, сондай-ақ кейбір украин саясаткерлері мен әскери тілшілер іліп әкетті.

НЕ БОЛЫП ЖАТЫР

29 қазанда Ресей Қорғаныс министрлігі Покровскіден 15 шақырым жерде орналасқан Селидово қаласының басып алынғанын хабарлады.

Ұзақ уақыт бойы украин әскерлері бұл елді мекенді ұстап тұрды, бірақ қазанның екінші жартысынан бастап орыс әскері оларды бірте-бірте тықсырып, жабдықтау жолдарын жауып тастады. Содан кейін елді мекендерге шабуыл жасай бастады. Қоршауда қалмау үшін Украина қорғаныс күштері қаладан шегініп кеткен көрінеді, сол себепті жау ол маңды еш қиындықсыз басып алды.

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Селидово маңындағы жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Дегенмен 30 қазанда украиналық әскеріне жақын DeepState талдау орталығы қаланы толығымен ресейлік әскер басып алғанын растады.

БҰЛ МАЙДАННЫҢ КҮЙРЕУІ МЕ

Германияның Welt басылымы сарапшыларының бағалауы бойынша, қазан айының басынан бері Ресей әскері Украинаның 478 км² аумағын басып алған. Бұл 2022 жылдың наурызында соғыс қимылдарының белсенді кезеңі аяқталғаннан бергі абсолютті рекорд болып отыр.

Израильдік әскери сарапшы Давид Гендельманның айтуынша, бұл жағдайда украин күштері қарсылас тараптың жаяу әскер мен әуе күштері бойынша басымдығынан шегініп отыр. Бірақ, шын мәнінде, ресейлік әскер алға баяу жылжуда.

“Фронттың құлауы” туралы мұндай мәлімдемелер көбіне эмоцияға негізделген. Шын мәнінде, бұл нағыз күйреуден біршама алыс” дейді сарапшы ВВС-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, әскери және қаржылық көмек бәсеңдегендіктен, Украина әскері Ресейдің шабуылына төтеп беру үшін өз күшін сақтауға мәжбүр болып жатқанын жазғанбыз.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский Оңтүстік Кореяның KBS телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі мен Украинаға көрсетілетін қолдаудың өзгеруіне қарамастан Киев ешқандай территориялық компромисске бармайтынын мәлімдеді.