×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Шегірткемен күреске бөлінген ақша желінген: АШМ шенеунігі сотқа тартылды

05.11.2024, 16:47
Шегірткемен күреске бөлінген ақша желінген: АШМ шенеунігі сотқа тартылды
ашық дереккөзден

Антикор ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ

Агенттік ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағаны хабарлайды. Ол кәсіпкерлік субъектісінен 4,4 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған. Яғни шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5% – осы сома.

БҰЛТАРТПАУ ШАРАСЫ

Сот санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үй қамағына алынған. Биыл 31 қазанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берген.