×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Ұлытау облысында жол күтіміне салғырт қараған 91 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

05.11.2024, 18:46
Ұлытау облысында жол күтіміне салғырт қараған 91 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Polisia.kz

Ұлытау облысы полиция департаменті республикалық, жергілікті автомобиль жолдарының қалыпты жұмыс істеуін ұйымдастырушы “КазАвтоЖол Сервис” және “Tranco Express” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің арнайы техникаларының қысқы маусымға дайындығын тексерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдағы маусымда арнайы техниканың жолда үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін дайындық әзірден басталып жатыр.

“Қазіргі уақытта мердігер ұйымның меншігінде күз, қыс мезгілінде пайдалануға арналған 114 бірлік арнайы техника бар. Одан бөлек мердігер ұйым түрлі мақсатта пайдалану үшін 11 арнайы техниканы жалға алуға келісімшарт жасады. Көктайғақ кезінде жолға себу үшін 4 мың тонна құм мен 150 тонна тұз сатып алу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, алдағы маусымда жол учаскелерде күтіп-ұстау жұмыстарына 50 адам жұмылдырылады”, делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ Ұлытау облысындағы автомобиль жолдарының жалпы көлемі 2700-ден астам шақырымды құрап отыр.

Әкімшілік полиция қызметінің жол-техникалық инспекциясы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына 269 тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға 269 ұйғарым берілді.

Осылайша автомобиль жолдарын сапасыз ұстағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 91 лауазымды тұлға тартылды.