×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Грузиялық оппозиция сайлау нәтижесіне наразылық танытып, тағы шеруге шықты

05.11.2024, 23:49
Грузиялық оппозиция сайлау нәтижесіне наразылық танытып, тағы шеруге шықты
ТАСС

Грузия астанасы Тбилиси қаласындағы Парламент ғимаратының алдына оппозицияның мыңдаған жақтасы жиналып, 26 қазан күнгі сайлау қорытындыcына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Грузия оппозициясы 26 қазандағы парламент сайлауы қорытындысын бұрмаланған деп санап, наразылық шерулерін тұрақты түрде өткізуге уәде берген болатын.

26 қазанда Орталық сайлау комиссиясы биліктегі «Грузин арманы» партиясын жеңімпаз деп жариялаған еді. Бұл шешімді оппозиция да, ел президенті Саломе Зурабишвили де мойындауға келіскен жоқ.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒА

ЕҚЫҰ өкілдері сол кезде Грузиядағы сайлау процесі халықаралық демократиялық стандарттарға жеткілікті түрде сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Руставели даңғылындағы шеруді ұйымдастырушылар үш саяси күш «Өзгеріс үшін коалиция», «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» және «Мықты Грузия» өкілдері бірлесіп әрекет етіп, қайта сайлау өткізу үшін наразылық шеруін мерзімсіз, ал митингілерді күнделікті етуге келісті.

Еске сала кетсек, Грузия оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамай, митингке шығатынын мәлімдеген еді.

Көп ұзамай Грузия президенті Саломе Зурабишвили халқына үндеу жасап, ол парламенттік сайлаудың нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ Еуропадағы бірқатар ұйым Грузияда парламент сайлауына дауыс беру "тең жағдайда өтпеді, қысым мен шиеленіскен ахуалдың көлеңкесінде қалды" деп мәлімдеді.

Ал 28 қазан күні ел астанасы Тбилисиде мыңдаған адам сайлау нәтижесіне қарсы митингке шықты.