×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Көршілердің қысымына тап болуымыз мүмкін". Депутат Әуесбаев демография мәселесін көтерді

06.11.2024, 13:29
"Көршілердің қысымына тап болуымыз мүмкін". Депутат Әуесбаев демография мәселесін көтерді
Видеодан скриншот

Қазіргі демографиялық жағдай өзгермесе, болашақта Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қауіп төндіруі мүмкін. Бұлай деп Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары атынан Нұрлан Әуесбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында депутат Қазақстан халқы тығыз орналасқан көршілерінің демографиялық қысымына тап болуы мүмкін деп санайды.

“Кең аумақты алып жатқан Қазақстанның халық тығыздығы өте төмен – шамамен шаршы км-ге 6 адам, бұл кейбір көрші мемлекеттерге қарағанда ондаған және жүздеген есе төмен. Қазіргі уақытта елде демография саласына қатысты тұжырымдамалық құжат жоқ. Тек 2000 жылы Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» құжат қабылданған. Бұл саласындағы стратегиялық құжаттың соңғысы да осы болды” дейді депутат.

Нұрлан Әуесбаев қаулы қабылданған уақыттан бері 25 жыл өткенін, бұл аралықта елде және әлемде көптеген өзгерістер болғанын айтады.

“Әр елде жер көлеміне, географиялық, климаттық, экономикалық жағдайына байланысты даму процестері жүруде. Біздің жағдайда кезек күттірмейтін басты байлығымыз – адам факторына, денсаулығы мықты, сапалы, саналы ұлт қалыптастыру арқылы демографиялық мәселелерге бас назар аудару қажет” дейді ол.

Депутат ойын тиянақтай келе үкімет басшысынан қолданыстағы бағдарламаларды кешенді түрде қайта қарастырып, азаматтарды халық аз қоныстанған аймақтарға орналастырудың жаңа тетіктерін қарастыруды, мемлекеттiк демографиялық саясаттың кешенді жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді сұрады.