×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ашынасын өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім бостандыққа шықты

07.11.2024, 12:10
Ашынасын өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім бостандыққа шықты
ашық дереккөз

Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталып, 8 жылдан кейін өтелмеген мерзімін шартты мерзімге ауыстыруарқылы бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Белгілі болғандай, бұрынғы шенеуніктің нақты мерзім шартты 2024 жылдың сәуірінде ауыстырылған. Бірақ бұл қазір ғана белгілі болды. Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын өтеген, мерзім 2027 жылдың 14 наурызында аяқталуы керек еді.

СОТ МІНЕЗДЕМЕСІ

Соттың мәліметінше, жазасын өтеу кезінде Серікқалиев ережелерді бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысқан, 15 рет көтермелеу алған.

ОҚИҒА

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің нақсүйеріне екі адам шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел аман қалып, Теректі ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының жүргізушісін танып қойған. Сот талқылауы барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев өзінің досы ТКШ бастығы Қожамұратовтан әйелді өлтіруін сұрағаны белгілі болды. Әйелі араларындағы қызы арқылы өзін бопсалаған-мыс, әкім мәселені шешудің өзге жолын көрмеген. Өз кезегінде Қожамұратов тапсырысты орындаушы ретінде өз жүргізушісін 500 мың теңгеге жалдап, әйелді өлтіруді тапсырған.

2016 жылғы 1 қыркүйекте Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына үкім шығарылды. Оларға қатаң режимдегі колонияда 10 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған

Айта кетейік, соттан кейін жәбірленушінің өзі үкімге шағымданатынын айтты, өйткені Жеңіс Серікқалиевті кінәсіз деп санайды.