Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов тергеу органдарының өтініші бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сот басшысын қамауға алу санкциясын Астанадағы тергеу соты берген. Ресми мәліметке сәйкес, 6 қарашада тергеуші Орал қалалық сотының төрағасын 10 күнге қамауға алуға өтініш түсірген. Сол күні мамандырылған ауданаралық тергеу соты Жұмағұловты қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырды.
Сондай-ақ Астана қаласының мамандырылған ауданаралық тергеу сотына қалған күдіктілерге қатысты материалдардың түспегенін хабарламаймыз, – дейді сот мамандары.
НЕ ҮШІН
Айта кетері, 5 қарашада Орал қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұловтың пара алу үстінде ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Онымен бірге екі адвокат та болған. 1,5 миллион теңге сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығаруға арналған.