×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жекелеген жол учаскелері жабылды

10.11.2024, 18:02
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жекелеген жол учаскелері жабылды
«ҚазАвтоЖол» АҚ

"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 

“2024 жылғы 10 қарашада сағат 16:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алматы-Өскемен” автожолының 683-967 шақырым аралығында  (Таскескен ауылының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады”, делінген кәсіпорын хабарламасында.

Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Сонымен қатар бүгін сағат 17:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Омбы-Майқапшағай” автожолының 910-1002 шақырымы аралығында (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды ертең, 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланып отыр.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы да хабарлама жарияланды.

“2024 жылғы 10 қарашада сағат 17:00-де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады: “Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 1123-1191 шақырымы аралығы (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін); “Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 1194-1212 шақырымы аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін); “Өскемен-Риддер- РФ шекарасы” автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін)”, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙЛАС ОҚИҒАЛАР

Еске сала кетсек, бүгін Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Новоселовка ауылында 1956 жылы туған әйел аяғынан жарақат алып, ауруханаға өздігінен бара алмады. Оны медициналық мекемеге ТЖМ құтқарушылары жеткізді.

Бұған дейін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, бұрқасын күтілетіні, кей аймақтарда тұман түсетіні хабарланған.

Сондай-ақ Астанада ауа райының қолайсыздығынан қала маңындағы автобустар жүруін уақытша тоқтатқан. Ал Астана халықаралық әуежайында да жел мен бұрқасынның кесірінен 6 рейстің кешігіп жатқанын жазғанбыз.