×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Трамп Путинге қоңырау шалды. Олар не жайлы сөйлесті

11.11.2024, 10:30
Трамп Путинге қоңырау шалды. Олар не жайлы сөйлесті
ашық дереккөзден

АҚШ-та президент сайлауында жеңген Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Трамп Ресей басшысына Еуропада америкалық әскер көп екенін еске салды, сонымен қатар континентте бейбітшілікке қол жеткізу үшін одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді, деп жазады Washington Post өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.

Украина СІМ қоңырау туралы алдын-ала хабардар болмағанын және түсініктеме беруден бас тартқанын айтты. Трамптың коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чеунг сонымен қатар Трамптың әлемдік көшбасшылармен жеке әңгімелеріне түсініктеме бермейтінін айтты.

Ресей тарапы да түсініктеме берген жоқ.

Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен әңгімелесіп, қақтығыстың аяқталуын тездетуге уәде беріп, Украинаға америкалық көмек көлеміне наразылығын білдірген. Әңгіме барысында көшбасшылар одан әрі ынтымақтастықты талқылаған, Зеленский Трампты жеңісімен құттықтап, қарым-қатынасты нығайтуға үміт білдірген. Кейін Трамп тұтқаны кәсіпкер Илон Маскқа берді, ол Starlink спутниктік жүйесіне қол жеткізу арқылы Украинаны қолдауды жалғастыратынына сендірген.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткен. Оған берілген дауыстар саны қарсыласы Камала Харристен басым түсті. 

Еске салсақ, бұған дейін Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болған. Сондай-ақ Тоқаев Трампты айқын жеңісімен құттықтаған болатын.