Украинада таңертең әртүрлі аймақтарда соққы қаупі төнуіне байланысты электр қуатын шұғыл түрде өшіру басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВВС дерегінше, энергетикалық компаниялар мен жергілікті билік орындары Киевте, Днепропетровск, Черкасск және Сумск облыстарында жарық сөндірілгенін хабарлады. Украиналық БАҚ өкілдері Николаев және Харьков облыстарында да жарықтың өшірілгенін мәлімдеді.
«Зымыран соққысы қаупіне байланысты Киевте электр қуатын шұғыл өшіру кестесі енгізілді. Бұл – алдын алу шарасы. Сақ болыңыздар және өз қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етіңіздер!» – деді Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко.
Қазіргі уақытта елдің көптеген аймақтарында әуе дабылы қосулы.