×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жақында сөгіс алған Талғар ауданы әкімінің орынбасары ауруханаға түсіп қалды

12.11.2024, 11:42
Жақында сөгіс алған Талғар ауданы әкімінің орынбасары ауруханаға түсіп қалды
Коллаж Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz дереккөзі Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев ауруханаға түсіп қалғанын хабарлады.

МӘН-ЖАЙЫ

Айбек Бидаевтың ауруханада жатқанын әкімнің баспасөз қызметі растады. Алайда әкім орынбасарының ауруханаға түсуіне нендей жағдай әсер еткені туралы ақпарат жоғын жеткізді.

Аудандық әкімдіктегі кадр бөлімінің басшысы Бидаев сырқатының себебі еңбекке жарамсыздық парағын алғаннан кейін ғана белгілі болатынын айтты.

Айбек Бидаев Талғардағы қанды оқиғадан кейін аудан әкімі Танат Айдарбековпен бірге сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін “сөгіс” түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ол әкімдіктік әлеуметтік қорғау, Талғар ауданының жұмыспен қамту орталығы, Жастар саясаты, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларына жауапты болған.

КАДРЛЫҚ ТАЗАРТУ

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болатты қазасынан кейін Алматы облысы мен Талғар ауданында бірқатар кадрлық тазалау жүрді.

Алдымен Талғар қаласының әкімі орынбасарымен бірге қызметінен кетті. Артынша аудандағы “Хутор” ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Ұзамай Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов қызметінен алынды.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазанда Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты.

12 қазанға қараған түні әлдекімдер марқұмның отбасының үйін өртеп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.