×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан Азияның екі ірі банкінен 105 млрд йен қарыз алады

13.11.2024, 10:24
Қазақстан Азияның екі ірі банкінен 105 млрд йен қарыз алады
Ulysmedia коллажы

Қарыздарды алу жөнінде заң жобасы бүгін мәжіліске келіп түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЗИЯ ДАМУ БАНКІНЕН ҚАРЫЗ

Бірінші заң жобасы Қазақстан мен Азия Даму банкі арасындағы келісімді реттейді. Аталған заң жобасы 2024 жылы 23 қазанда парламент мәжілісіне үкіметтің қаулысымен енгізілген. Қарыз туралы келісімге 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында қол қойылған. Азия Даму банкінен Қазақстан 52,3 млрд йен қарыз алады. Өтеу мерзімі – 15 жыл. Қарызды алғанда 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдік беріледі. Қарыз ақшасы республикалық бюджеттің дефициті шеңберінде елдің экономикасының тұрақтылығын қамтуға беріледі. 

АЗИЯ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАНКІНЕН ҚАРЫЗ

Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де 52,7 млрд йен қарыз алмақ. Оның да өтеу мерзімі – 15 жыл. Қарызды алғанда 2027 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдік беріледі. Бұл қарыздың да ақшасы республикалық бюджеттің дефициті шеңберінде елдің экономикасының тұрақтылығын қамтуға беріледі. 

Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті заң жобасын алып, қорытынды әзірлемек. 105 млрд йен – 682 млн доллар. Теңгемен шаққанда (қазіргі бағам) – 334 млрд теңге.