×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Қаңтар" оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей жеңіл жазамен құтылып кетті

13.11.2024, 11:24
"Қаңтар" оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей жеңіл жазамен құтылып кетті
Коллаж Ulysmedia.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған азаматты азаптаған полицейге бас бостандығын шектеу жазасы шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙЫ

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде «Қаңтар» оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптау қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарған.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексергені хабарланды.
 
Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкері жеткізілген азаматты азаптағанын дәлелдеген. Полиция қызметкері жәбірленушіге тән азабы келтірілген. Алайда ол салыстырмалы түрде жеңіл жаза алды. 

ҮКІМ

“Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды” делінген хабарламада.

 Үкім заңды күшіне енген.

Прокуратура хабарламасында азаптаудан жәбірленушінің денсаулығына қандай зиян келгені айтылмаған. Азаптау бабына сай, жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келген немесе абайсызда оның өліміне алып келген іс-әрекеттер үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.