×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік пен билікті басып алуға дайындалған топ ұсталғаны хабарланды

13.11.2024, 11:16
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік пен билікті басып алуға дайындалған топ ұсталғаны хабарланды
24.kg

Қырғызстан ІІМ жергілікті кеңестерге сайлау өтетін 17 қарашада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті құлатуға дайындалған топтың ұсталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

ІІМ мәліметінше, топтың жоспары билікті күшпен басып алу және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру болды. Топ мүшелері ұйымдастырушылар, көмекшілер, қаржыландырушылар және орындаушылар болып бөлінген. Топ қала маңында спорттық ойындар өткізу арқылы конституцияға қарсы әрекеттерді жасырып, күш қолдану арқылы билікті басып алуды көздеген, деп жазады 24.kg.

Тәртіпсіздікке дайындыққа байланысты Қырғызстан ҚК-нің «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға дайындалу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Топтың ұсталған мүшелері

  • К.А.О. (37 жас) – шетел азаматы, бұрынғы әскери қатысушы, граната, патрондар, квадрокоптер, тепловизор және оптикалық көздеуіш тәркіленді.
  • А.у.М. – шетел азаматы, тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін Қырғызстанға келген, тапанша және 5,7 кг гашиш тәркіленді.
  • М.М.Т. – дрондар және жарылғыш заттар бойынша маман.
  • Б.Т.Н. – ұйымдастырушы, қаржыландырған, адам тартқан және арандатушы бейнероликтер таратқан.
  • К.Д.С. – Қырғызстан азаматы, спорттық шараларды ұйымдастырып, қатысушыларды жинаған.
  • Ч.А.С. – ұйымдастырушы, әрекеттерді үйлестірген.
  • Кубан Адыл уулу – Қырғызстанның бұрынғы бас прокурорының орынбасары, негізгі ұйымдастырушы, құқық қорғау органдарымен байланысқан.

Барлық күдіктілерге айып тағылып, 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарылған. Тергеу шаралары басқа қатысушыларды анықтау үшін жалғасуда.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ӘРЕКЕТТЕР

Осы жылдың 6 шілдесінде Қырғызстан ҰҚК 31 тамыз – Тәуелсіздік күнінде билікті басып алу әрекетінің алды алынғаны хабарланған.