×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей Қазақстанның баспа нарығын жаулай бастады

14.11.2024, 13:23
Ресей Қазақстанның баспа нарығын жаулай бастады
Ulysmedia коллажы

Креативті индустрия мәселесі талқыланған Мәжілістің жұмыс тобының отырысында баспагер Бақытжан Бұқарбай отандық баспагерлерді қосылған құн салығынан босатуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

БҰҚАРБАЙ НЕ ДЕЙДІ 

Бұқарбайдың айтуынша, соғыс басталғаннан бері Ресей баспагерлері санкцияға ұшырап, көп кітап басып шығаруға рұқсат ала алмай жатыр. Сондықтан олар компанияларын Қазақстан аумағында тіркей бастаған. Әуелі олар тек заңды мекенжай үшін тіркелді ме деген ой болғанымен, кейін ішкі нарықтағы тапсырыстарды алуға көшкен.

– Әрине, біз ашық нарықпыз, ешкімге тыйым сала алмаймыз. Бірақ буыны қатпаған қазақ баспагерлері үшін миллиондаған бюджеті бар ресейліктермен бәсекеге түсу қиын. Сондықтан мемлекет протекционизмге бару керек», – деді баспагер.

НАҚТЫ ҰСЫНЫС

Бақытжан Бұқарбай басқа елдің баспасы келіп, өз тілінде бір кітап шығарса міндетті түрде қазақ тілінде де бір кітап шығаруға міндеттеу керек деп есептейді. 2016 жылы «Меломандағы» Қазақстан баспагерлері шығарған кітаптың бес пайызы ғана қазақ тілді болатын. Бірақ 15 пайыздан асқан. “Ресейліктердің қаптап келуінің салдарынан осы үлес қайта өзгеруі мүмкін” дейді ол. Ресейдің өзінде кітап өте арзан. Қазақстанда кітаптардың орташа бағасы шамамен 5 мың теңге. Бұл халықаралық нормаға да сай – шамамен 10 доллар. Ал ресейліктердің маркетплйеспен сатылатын кітаптары 2-3 есе арзан. Кейде тіпті 600-700 теңгеге жеңілдікпен сатып алуға болады. Баспагер қазақстандық баспагерлерді қосылған құн салығынан босатуды ұсынады.