×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Тимур Сүлейменов инфляцияны төмендетемін деп білек сыбанып отыр

15.11.2024, 12:57
Тимур Сүлейменов инфляцияны төмендетемін деп білек сыбанып отыр
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов экономиканы тиімді дамыту және нарықтық механизмдердің дұрыс жұмыс істеуі үшін ең алдымен инфляция деңгейін төмендету қажет екенін мәлімдедіі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Сүлейменовтің айтуынша, инфляцияны 5%-ға дейін төмендету несие бойынша нарықтық мөлшерлемелердің азаюына және инфрақұрылымдық жобалардың дамуына жол ашады.

«Егер инфляция 5% деңгейінде болмаса, негізгі пайыздық ставка 9-10% деңгейінде болмайды, демек, несие бойынша нарықтық ставкалар да 11-12% деңгейінде болуы мүмкін емес. Осы себепті Ұлттық банк пен үкімет инфляцияны төмендетуге күш салуы тиіс.», – деді ол.

ЗАҢНАМАҒА ӨЗГЕРІС ЖЕТКІЛІКСІЗ

Сүлейменов, сондай-ақ, банк қызметі мен басқа да салалардағы заңнамаға өзгеріс енгізу жеткіліксіз екенін, макроэкономикалық тұрақтылық пен инфляцияны бақылаусыз оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.

«Ұзақ уақыт бойы Ұлттық банктің қос мандаты, яғни инфляцияны төмендету мен экономикалық өсімді қолдау міндеттері талқыланып келді. Алайда, қазіргі уақытта инфляцияны ұзақмерзімді экономикалық әлеуетке сәйкес 5%-ға дейін төмендетуге ерекше назар аудару керек», – деді ол.

Сүлейменов жуырда өткен экономикалық саясат кеңесінде үкіметтің инфляцияны төмендетуге бағытталған шараларға басымдық беру қажеттілігі талқыланғанын айтты. Бұл инфляцияның төмендеуі несие ставкасын азайтуға, сонымен қатар экономикалық өсімге ықпал ететін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ИНФЛЯЦИЯ

Қазан айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,5%-ға дейін өскен.

Қазақстанның 10 өңірінде инфляция баяулағанымен, 8 өңірде өсті, ал 2 өңірде өзгеріссіз қалды. Инфляцияның ең жоғары көрсеткіштері Астана және Маңғыстау облысында тіркелді.