Кеңестік және ресейлік театр және кино әртісі Светлана Светличная 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі Кинематографистер одағының мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
Светличная 1968 жылы эксранға шыққан Леонид Гайдайдың «Бриллиантовая рука» фильмі арқылы көпке танылды.
Дәл осы фильмде Светличная сомдаған кейіпкер Анна Сергеевна әлі күнге мемге айналып, жұрт аузында жүрген «Бұл менің кінәм емес, ол өзі келді!» («Не виноватая я, он сам пришел!») деген әйгілі фразаны айтты.
Светличная сонымен қатар «Кездесу орнын өзгертуге болмайды», «Көктемнің он жеті сәті», «Біздің уақыттың қаһарманы», «Аспаз», «Ильич заставасы» және т.б. фильмдерде ойнады.