×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Қызылордада секс құлдыққа түскен оқушы: бес қылмыстық істің тергеуі аяқталды

21.11.2024, 13:24
Қызылордада секс құлдыққа түскен оқушы: бес қылмыстық істің тергеуі аяқталды
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылорда облысындағы жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы оқушының ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘДЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

Сәденовтің айтуынша, іс бойынша күдікті 13 адам бар. Олардың саны өзгермеген.

– 9 қылмыстық істің 5-і аяқталды. Жалпы бірнеше іс қаралып жатыр. Соңында істер сотқа жіберіліп, нүкте қоямыз, – деді министр.

16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Биыл тамыз айының басында Қызылорда қаласында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Кейін оқиғаның егжей-тегжейі арнайы өткен брифингте баяндалды. "Не молчи" қоғамдық қорының араласуымен сұмдық деректердің беті ашылды. Сол күні белсенді Айсана Әшім «16 жастағы қызды 1000 еркек зорлағанын» айтып дабыл қақты. Бұдан бұрын оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылған. Жәбірленуші қыздың анасы Ulysmedia.kz-ке сұхбат беріп, іс бойынша 200 адам тергеліп жатқанын айтқан.

Өткен айда ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха іс бойынша 13 фигурант анықталып, олардың 11-і қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Ал таяуда істегі сотталушының біріне үкім шықты. Соттың мәліметінше, сотталушы Т. кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 700 мың теңге талап еткен, сондай-ақ сөмкесіндегі 35 мың теңге ақшасын алып кеткен. Ресми мәлімет бойынша, ол сотталушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Ал Ulysmedia.kz тілшісі оқушының анасымен сөйлескен кезде ол “отбасы аты-жөнін өзгертіп, басқа қалаға көшетінін” хабарлаған еді.