Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Перизат Қайраттың сұхбаты делінген ақпарат тарады. Онда ол Қаржылық мониторинг агенттігі таққан барлық айыптарды жоққа шығарған. Бұл алаяқтар адамдарды алдау үшін қолданатын фейк сұхбат, деп хабарлайды Ulysmedia.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
“Алаяқтар Перизат Қайраттың фейк сұхбатын пайдалануда” делінегн сайтты.
Посттың тақырыбы қызықты және онда Tengrinews.org қазақстандық «жаңалықтар сайтына» сілтеме жасалған. Мұқият қарасақ, сайттың домені ұлттық .kz емес, халықаралық .org екенін байқауға болады. Tengrinews жаңалықтар порталы .kz доменін пайдаланады. Қылмыскерлер неғұрлым сенімдірек болуы үшін қазақстандық интернет-басылымның басты бетін толығымен көшіріп алған.
Сұхбат мәтінінде алаяқтар «пассивті кіріс» ұсына отырып, танымал қазақстандық банктің бағдарламасын жарнамалайды. Шын мәнінде, бұл бағдарламаның қаржы институтына ешқандай қатысы жоқ, ол қылмыстық схеманың бір бөлігі.
“Киберқылмыскерлер жалған сайтта тез арада дивиденд төленетінін айтып, өтінім толтыруды ұсынады. Олардың қулығына түсіп қалмаңыз: күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және оңай пайда табуды ұсынған бейтаныс адамдарға сенбеңіз” деп ескертеді жалған ақпаратты әшкерелейтін сайт мамандары
Шындығында, белсендіге тағылған айыптар жоққа шығарылған жоқ, ал ақпараттың өзі алаяқтық схеманың бір бөлігі болып саналады. Алаяқтардың көздеген мақсаты – жеке деректер бен ақша иемдену үшін адамдарды жалған сайтқа тарту.
ОҚИҒА ЖЕЛІСІ
Еске сала кетсек, волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.
Сенбі, 16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады. Тергеу нұсқасы бойынша, Палестинаға деп жинаған ақшаға Перизат Қайраттың "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" қымбат көлігін, сондай-ақ БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" бренд бутиктерінің зергерлік бұйымдарын, сағаттары мен киімдерін сатып алған.
Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.
Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының пара үстел теннисі федерациясы да Перизат Қайрат ұйым президенті қызметінен босатылғанын мәлім етті. Бұл шешім 2024 жылдың 14 қарашасында Федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданған. Оған Перизат Қайраттың ұсталып, тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны себеп болған.
“Instаgram”-дағы 112 Aktau парақшасы Перизат Қайраттың бірнеше жыл бойы Ақтау қаласында оқығанын жазып, оны танитын қыздың видеосын жариялады.
Бейне материалда оны сырттай танитын қыз азғантай ғана уақыттың ішінде Перизат колледжде телефон, камера ұрлағанын, сол үшін оқудан шығарылғанын айтты.
“Ауру қалса да, әдет қалмайды” деп халқымыз бекер айтпаған екен ғой. Студент кезінде ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді. Қазір қайтадан ұсталып жатыр екен”, дейді видеодағы бейтаныс қыз.
Оған сонымен қатар Палестина халқына көмек көрсету туралы есептерді ұрлады деген де айып тағылды.