×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

«Жел, тұман, көктайғақ»: синоптиктер ескерту жасады

«Жел, тұман, көктайғақ»: синоптиктер ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 23 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні - 15-20 м/с. 

Астанада кей уақыттарда тұман.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан аса болады.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-ке жетеді. 

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады. 

Шымкентте жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады. 

Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ.

Алматыда түнде тұман, жолдарда көктайғақ.