Израильдің әуе күштері Ливан астанасы Бейрутқа жаппай шабуыл жасап, салдарынан тұрғын үйлер қирап, 20-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан 20 адам қаза тауып, 60-қа жуық тұрғын жараланған.
Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қираған.
Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.
Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.