Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
МӘН-ЖАЙЫ
Облыс прокуратурасы алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын жетізді.
Қадағалау органы кейбір борышкерлер әкімшілік жауапкершілік шараларына мүлде мән бермейтінін және бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, өз балаларын қамтамасыз ету үшін алимент төлеуден жалтарып жүргенін атап өтті.
ҮШ ІС
“Мысалы, алты борышкердің үш жылдан астам уақыт бойы сот шешімін қасақана орындамау салдарынан өз балалары алдындағы қарыздарының жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асып кеткен.
Сол себепті прокурорлар оларға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша балаларды және басқа да еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды қатаң шараларды қолдана бастады.
Аталған тұлғалардың үшеуіне қатысты қылмыстық істер сотқа жолданылып, олардың бірі бойынша айыптау үкімі шығарылды және кінәлі адам сотталды” делінген хабарламада.
Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жалпы, жыл басынан бері облыс прокурорлары 30-дан астам балаға сот шешімімен тиесілі қаражаттарын алуға көмектесіп, қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 50 миллион теңгеден астам қарызды өндіріп берген.