Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапармен келетініне орай, кей ЖОО сутденттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанадағы бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері 27-28 қараша күндері онлайн-оқыту форматына ауыстырылады.
ЖОО-лардың жұмыс форматы төмендегідей болады:
Министрлік бұл форматты өзгерту туралы шешімді университеттердің өздері қабылдайтынын атап өтті.
Ал Астана қаласының білім басқармасы мектептер мен балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.
ПУТИННІҢ САПАРЫ
27 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді, сондай-ақ мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумының бейнеконференциясына қатысады.
28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді, онда қатысушы елдердің делегациялары өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжаттар қабылданады.