×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

«Он жұмыртқа 535 теңге!» Министр Шаққалиев айтқанынан қайтпады

27.11.2024, 10:07
«Он жұмыртқа 535 теңге!» Министр Шаққалиев айтқанынан қайтпады
Коллаж Ulysmedia.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев белсенді Санжар Боқаевтың өзінің «он жұмыртқа 535 теңге тұрады» деген сөзін терістегеніне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КУЛУАРДАҒЫ СҰРАҚ-ЖАУАП

Министрдің сөзінше, өзі айтқан әлеуметтік маңызы бар арзан жұмыртқа Small желісінде қатты емес, жұмсақ қаптамада сатылады.

“Премиалдық қаптамадағы жұмыртқаны түсіріп, “өтірік айтады” деуге болмайды. Аргентиналық импорттық жұмыртқаны алып, “көрдіңіз бе, қымбат” деп айта салуға болады” деді ол мәжіліс кулуарында.

Министр 540 теңге орташа республикалық баға екенін, өткен аптамен салыстырғанда өсім 0,1 пайыз екенін айтты.

Ол қымбатшылық барын жеткізіп, барлық жерде жұмыртқа 600-650 деп көрсету дұрыс емес деп санайды.

“Біз жұмыртқаның орташа республикалық бағасы ауытқып тұратынын айтамыз. Семейде, Қызылордада арзанырақ, Алматыда қымбат. Бұл табиғи нәрсе” дейді ол.

Журналистер “жаппай саудада халық мұндай бағадағы жұмыртқаларды неге таппайтынын” сұрады.

Министр қымбат бағаны емес, әрдайым орташа республикалық бағаны алатынын атап өтіп, “Астана мен Алматыда қымбат болады”, Солтүстікте немесе оңтүстікте арзандау” деді.

Алайда Арман Шаққалиев Астанада Small желісінде жұмыртқалар 535 теңгеден болғанын айтудан жалықпады. Журналистер ондайды таппаған жеткізсе де, сөзінен танбады.

МИНИСТРЛІК ХАБАРЛАМАСЫ

Сауда министрлігі С1 санатындағы жұмыртқа бағасына байланысты ақпарат жариялады.

“Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері бойынша, С1 санатындағы жұмыртқа бағасы соңғы аптада 0,1%-ға артты.  Қазір  осы санаттағы жұмыртқаның орташа бағасы сауда сөрелерінде 540 теңге құрайды. Жұмыртқалардың бағасы аймаққа байланысты әртүрлі болады. Елордада С1 санатындағы жұмыртқаның орташа бағасы 609 теңге болса, ең төменгі баға Петропавлда тіркелген – 462 теңге” делінген хабарламада.

БОҚАЕВТЫҢ АНЫҚТАҒАНЫ

Бұған дейін белсенді Санжар Боқаев сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің «он жұмыртқа 535 теңге тұрады» деген сөзі өтірік екенін дәлелдеген.  Ол үшін Боқаев арнайы Алматыдағы сауда желілеріне барып, жұмыртқаның министр айтқан бағадан кемі бір жарым есе қымбат екенін нақты көрсеткен.