×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Ресейдің 500 мың сарбазы жараланған, оларды жатқызатын жер жоқ – британ барлау қызметі

Бүгін, 16:17
Ресейдің 500 мың сарбазы жараланған, оларды жатқызатын жер жоқ – британ барлау қызметі
Көрнекі сурет

Британдық әскери барлау қызметі X әлеуметтік желісіндегі жаңа хабарламасында Ресей армиясында бронетехниканың жетіспеушілігі мен дрондардың тұрақты қаупі жараланған сарбаздарды эвакуациялауды едәуір баяулатып жатқанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС дерегінше, барлау қызметі бұл жағдайды "жарақат ауырлығын арттырып, эвакуацияланғандардың арасында өлім-жітімнің жоғары болу мүмкіндігін күшейтіп отыр" деп бағайды.

МӘЛІМЕТТЕР

Барлау қызметі бұған дейін бірнеше рет айтқан Ресейдің жалпы шығындары туралы деректі қайталап, осы жолы нақты дереккөзді атап өтті. Баулау қызметі шығындар санын 700 мыңнан астам, оның ішіне өлгенде де, жаралылар да кіреді деген мәлімет таратты. Шамамен 500 мың адам жараланған деген есеп украин басштабының мәліметтеріне негізделген.

Осылайша, британ барлау қызметінің деректері бойынша, қаза болғандардың саны 200 мыңнан асады, бұл тәуелсіз ресейлік журналистердің есебінен шамамен үш есеге көп.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЖАҒДАЙЫ

"Осындай ауқымды шығындар Ресейдің әскери-медициналық жүйесіне барлық деңгейде жоғары жүктеме түсіріп отыр. Бұл айтарлықтай логистикалық қиындықтар туғызып, медициналық персоналдың жетіспеушілігіне алып келуде. Бұл мәселелер келесі үш айда да сақталады деп күтілуде," – деп хабарлады британдық барлау қызметі.

Бұл жағдай Ресейдің жараланған әскерлерін уақытында емдеу мен эвакуациялаудағы қиындықтарды одан әрі ушықтырып, медициналық инфрақұрылымның әлсіздігін көрсетеді.

Соғыс жағдайында адам шығынына қатысты ақпараттардың рас я өтірігін анықтау қиын.

ВВС МЕН МЕДИАЗОНА ДЕРЕГІ

Ашық деректер негізінде Би-би-си "Медиазона" басылымы және еріктілер тобы бірлесіп, Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс кезінде қаза тапқан 78 329 ресейлік әскери қызметкердің есімін анықтаған. Қазір қаза тапқандардың расталған санының өсу қарқыны соғыс басталғаннан бергі ең жоғары деңгейге жеткен. Қыркүйек, қазан және қараша айларындағы көрсеткіштер былтырғыдан 1,5 есе, ал 2022 жылғы деректерден 2 есеге артық.

2024 жылы расталған қаза тапқан ресейліктердің орташа жасы 38 жасқа жетті. Бұл соғыстың алғашқы айларында қаза болғандардың орташа жасы 21 жаста болғанымен салыстырғанда, елеулі өзгерісті көрсетеді.