×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

«Еркекті құртатын – әйел!»: Бағлан Әбдірайымов тосын мәлімдеме жасады

«Еркекті құртатын – әйел!»: Бағлан Әбдірайымов тосын мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

Әнші Бағлан Әбдірайымов еркекті не құртатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Еркекті банкрот құртпайды, арақ құртпайды. Еркекті құмар ойын, төбелес құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар. Еркекті құртатын ол үйіндегі әйелі. Шынымен айтамын. Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын. Үйіңдегі келіншегіңмен ұрысып, таласқаннан гөрі көшеге шығып, жатып алып біреумен төбелескенің жақсы. Еркектің сағын сындыратын тек әйел кісі ғана. Қалған сынаққа еркек шыдай береді, – деді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін актер Алмат Сақатов бір жылдары "жұлдызды ауруына" шалдыққанын мойындаған болатын.