×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Астанада ҰҚШҰ сессиясы басталды: жиында не талқыланады

28.11.2024, 14:07
Астанада ҰҚШҰ сессиясы басталды: жиында не талқыланады
ҰҚШҰ телеграм-арнасы

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды. Оның ашылуында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕССИЯҒА КІМДЕР КЕЛДІ

Астанадағы жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов келген. ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин де бар. Армениядан ешкім келген жоқ.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларын Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында өзі күтіп алды.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ

Сессияның басында Қазақстан президенті үш минуттан артық сөйледі. Тоқаев сөзінде келгендерге алғысын айтып, ҰҚШҰ-ның маңызын атап өтті. Президенттің сөзінше, Қазақстан төрағалық еткен уақытта ҰҚШҰ алдындағы міндеттер орындалған.

– Бүгін біз халықаралық және өңірлік ахуал жөнінде пікір алмасуымыз керек. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін бағалаған абзал. Біз сондай-ақ ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттары бойынша жұмыс жөнінде ақпаратты тыңдаймыз. Өткен кезеңдегі жұмысты қорытындылаймыз, – деді Тоқаев.

Президент осыдан кейін БАҚ-қа алғыс айтып, отырыс жабық форматқа ауысты.