×
499.51
525.83
4.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.51
525.83
4.62

Шенеуніктің ұлы Астанада жоғары лауазымды қызметке тағайындалды

Шенеуніктің ұлы Астанада жоғары лауазымды қызметке тағайындалды
Коллаж Ulysmedia

Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып Азамат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАНСАБЫ

Ол мемлекеттік қызметтегі мансабын 2019 жылдан бастап Астана басқармаларында бас маман лауазымынан бастаған. Бұдан әрі Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму бөлімінің бас инспекторы, басшысы болып жұмыс істеді.

Азамат Малыбаев – 2024 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Бақытжан Малыбаевтың ұлы.

БАҚЫТЖАН МАЛДЫБАЕВ

Бұған дейін Бақытжан Малдыбаев ҚР ІІМ Көлік полициясы департаментінің бастығы, сондай-ақ Астана қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.