×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

"Балалар жылап, айқайлаған". Әйел мен оның екі баласын өлтірген адам өмір бойына сотталды

29.11.2024, 09:46
"Балалар жылап, айқайлаған". Әйел мен оның екі баласын өлтірген адам өмір бойына сотталды
"Мой город"

2024 жылғы 28 қарашада Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 32 жастағы Оразбек Саясатқа қатысты үкім шықты. Саясатқа екі немесе одан да көп адамды аса қатігездікпен өлтіру, басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін әдіспен әрекет ету, төтенше жағдай кезінде қасақана қылмыс жасау, бөтен мүлікті жою және тұрғын үйге заңсыз кіру айыптары тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Судья Зарема Хамидуллина сотталушыны кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, келтірілген зиян үшін марқұм Сағынтаеваның анасы мен балалардың әкесіне 15 миллионнан 30 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ өрттен келген шығын үшін 6 миллион теңгеден астам материалдық өтемақы төлеу міндеттелді.

ТРАГЕДИЯҒА АПАРҒАН ОҚИҒАЛАР

"Мой город" басылымының жазуынша, Марқұм Сағынтаева 2022 жылы ажырасып, екі баласымен бірге тұрған. Кейін Оразбек Саясатпен қарым-қатынас құрып, 2024 жылдың наурыз айында екеуі ажырасып кеткен. Әйел сол кезде полицияға шағым түсірген, себебі ер адам оны бензин құйып, өртейміз деп қорқытқан.

Трагедия болған түнде марқұмның үйінде Баймұратов есімді ер адам болған. Марқұм Саясаттан қауіптенген ол әйелді қорғау үшін қалғаны айталыд. Түн ортасында Саясат терезеден кіріп, үйге бензин шашып, от қойған. Балалардың жылаған дауысы көршілерді оятып, олар өрт шыққанын түсінген. Сағынтаева 90% күйік алған, ол полиция мен дәрігерлерге өртті кім қойғанын айтып үлгерген.

СОТТАЛУШЫ КІНӘСІН МОЙЫНДАМАДЫ

Сотта Саясат «аффект» жағдайында болғанын және оқиға толық есінде жоқ екенін айтты. Бірақ сот оның сөздерін растайтын дәлелдер таппады. Сонымен қатар, ол марқұмның туыстарынан кешірім сұрамады, куәгерлер мен сот өкілдерін балағаттап, оларға тіл тигізді.

ТРАГЕДИЯ ҚҰРБАНДАРЫ

Оқиға 2024 жылғы 25 сәуірге қараған түні Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйдің екінші қабатында болған. Өрт сөндірушілер үйден 10 және 7 жастағы екі баланың денесін тапты. Балалардың анасы мен ер адамды ауыр күйде ауруханаға жеткізген, бірақ әйел келесі күні қайтыс болды.

Сотталушы Оразбек Саясат сол күні Оралға кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Бейнебақылау камералары оның жақын маңдағы жанармай құю станциясынан бензин сатып алғанын көрсеткен.