×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Сүлейменов азық-түлік қымбаттайды деп қатты уайымдамайтынын айтты

29.11.2024, 11:38
Сүлейменов азық-түлік қымбаттайды деп қатты уайымдамайтынын айтты
Ulysmedia коллажы

Доллар бағасы күрт қымбаттап, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткеннен кейін оның басшысы Тимур Сүлейменов баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Ол азық-түлік аса қымбаттамайтынына сенімді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҮЛЕЙМЕНОВ ҚАТТЫ УАЙЫМДАМАЙДЫ

– 500 деген (бір доллар) психологиялық сан. Мен оны түсінемін. Бірақ мәселеге математик, экономист, кәсіпкер көзімен қарасақ, өзгеріс 2 пайыз деген тоқтамға келеді. Мен керісінше болғанын қалар едім. Алайда нарық басқаша көрсеткішті көрсетті. Сол себепті кейінгі үш аптадағы 2 пайыздық әлсіреу (теңгенің) белгілі бір деңгейде әсер ететін шығар, бірақ дүрбелең туғызатындай емес. Сол себепті баға, оның ішінде азық-түлік бағасы өзгеріп кетеді деп қатты уайымдамас едім. Ол жағынан біз өз-өзімізді қамтып отырмыз, – дейді ол.

Қазақстан Ұлттық банкі өзінің базалық сценарийінде Brent мұнайының бағасын 80,3 доллардан 70 долларға дейін қайта қарауға мәжбүр болып отыр. ҰБ мұның себебін Қытайдағы сұраныстың төмендеуін, әлемдік экономиканың баяулауын және Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы мұнай өндірісінің өсуімен түсіндіреді.

Ұлттық банк интервенция жасап, долларды ұстап тұру үшін 13 күнде 1 млрд доллар шығындаған.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.