×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Өскеменді қою түтін басты: Оқушылар апта соңына дейін қашықтан оқиды

Өскеменді қою түтін басты: Оқушылар апта соңына дейін қашықтан оқиды
Фото: ratel.kz

Өскеменді бүгінде қалың түтін басып тұр. Бұл біраз уақытқа созылады деген болжам бар. Тіпті соның кесірінен 64 мектептің оқушылары тыныс алу жолдарындағы ауруға әкелуі мүмкін күшті түтіннің әсерінен аптаның соңына дейін қашықтан оқуға ауыстырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰЛ ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ 5 КҮННЕН 14 КҮНГЕ ДЕЙІН

«Қазгидромет» мамандары ауаның ластануы қараша айының соңына дейін сақталатынын айтып отыр.

«Күзгі-қысқы кезеңде қазаннан қаңтарға дейін ауада улы түтін ең көп күн басталды. Басты себеп өңірде жел тұрмай, тұман басуы. Бұл құбылыстың ұзақтығы 5 күннен 14 күнге дейін», – деді «Қазгидромет» РМК метеоболжам бөлімінің басшысы Любовь Бухтоярова.

«Қазгидромет» суық мезгілде қолайсыз метеорологиялық жағдай көп болатын күндер саны артып келе жатқанын айтады. Әдетте метеорологиялық факторлардың үйлесуі ауадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін жағдайларды атап өтті.

ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫ 11%-ҒА ӨСКЕН

«Тыныс жолдары аурулары осы уақытта 11% өскенін Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Химикаттардың әсеріне байланысты диагноздар жоқ», – деді Өскемен әкімдігі. 

Өскемен қаласының дәрігері Михаил Бугайцов түтін деңгейі өскенде сақтық шараларын сақтау керек екендігін айтты:

  • Далада ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Көшеде жүгірмеу, жаттығулар жасамау;
  • Қорғаныс маскаларын қолдану;
  • Майы көп тағамдарды тұтыну;
  • Ауыз қуысын шөп дәрілерімен үнемі шайқау;

ШҚО ӘКІМІ НЕ ДЕЙДІ

Өңір басшысы Ермек Көшербаев ауа ластануына алаңдаған тұрғындармен кездесіп, экологиялық проблемалар туралы айтты.

«Мен түтін шектен асып кеткен жоқ деп айта алмаймын, себебі өзім сыртқа шыққанда жөтеле бастаймын. Адамдар қаланың әр ауданындағы жағдай туралы білуі керек: Согра, Куленовка, КШТ, өнеркәсіптік кәсіпорындар аймағында және т.б.», — деді Көшербаев.

Еске салсақ, бұған дейін Кентау экологиялық апат аймағы деп танылғанын жазған болатынбыз.