×
513
541.16
4.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513
541.16
4.69

«Қорыққанға қос көрінеді»: Қостанайлық тұрғын Amanat партиясы кеңсесінің әйнегін сындырды (ВИДЕО)

«Қорыққанға қос көрінеді»: Қостанайлық тұрғын Amanat партиясы кеңсесінің әйнегін сындырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Полицияның мәліметінше, Amanat партиясы кеңсесінің әйнегінен өзін көрген қостанайлық өз бет-әлпетінен шошып кетіп, терезе әйнегін сындырып тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕР АДАМ МАС КҮЙДЕ БОЛҒАН

Полиция ер адам мас күйде болғанын, ол терезені сындырған соң жолдан өтіп, сүрініп құлап, қайта тұрып кетіп қалғанын мәлімдеді. 

Ол бейнебақылау камералары арқылы табылған. Ер адам әйнектен бет-әлпеті өзіне ұнамай қалғанын айтқан. 

ЗАЛАЛ ҮШІН 80 МЫҢ ТЕҢГЕ ТӨЛЕГЕН

Осылайша, ол партия кеңсесіне келтірілген залал үшін 80 мың теңге төледі. Оған 185 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған. 

Бұған дейін Алматы облысы кенттерінің бірінде ерлі-зайыптылар ішімдік ішкенін, содан кейін олардың арасында жанжал болып, ер адам мас күйінде әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін жазған едік.