×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Елімізде оқушылар шенеунік болуға мектептен бастап дайындалады

Елімізде оқушылар шенеунік болуға мектептен бастап дайындалады
Фото: zhaikpress.kz

Елімізде мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп жасынан бағыт-бағдар беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24kz телеарнасына сілтеме жасап.

420 ТҮЛЕК КОНКУРССЫЗ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

«Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» бұған ерекше көңіл бөлінген, - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.

Алматылық студенттермен кездесу кезінде ол жастарды Сингапур және Жапонияның тәжірибесімен таныстырды.

Агенттік төрағасы студенттерді де мемлекеттік қызметке баулу бойынша нақты жобаларды атап өтті.

Мысалы, бүгінге дейін 420 түлек конкурссыз жұмысқа орналасқан. Оның 37-і Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК

Жалпы президенттік жастар кадр резервіне 400 адам қабылданып, 315-і жұмысқа орналасқан. Ал өңірлік кадрлық резервіне 505 жас іріктеліп, жұмыспен қамту басталған.

Арнайы мектептерде жастарды бизнес процесстерге, мемлекеттік басқарудағы жобалармен жұмыс істеуге бейімдеу жүріп жатыр.

Ұлттық университеттердің, өңірлік университеттердің жанынан жас мемлекеттік қызметшілер мектебін аштық. Ол жерде біз 3, 4-курста немесе магистратурада, доктарантурада оқып жүрген студенттер өздері сол жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне келіп, біздің аумақтық департаменттермен бірге жұмыс істей отырып осы деңгейде оларға мүмкіндік беру, - дейді Дархан Жазықбай.

Еске салсақ, бұған дейін шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалғанын жазған едік.