×
477.17
543.26
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.17
543.26
6.01

Ауаның ластануы: 6 қалада қолайсыз ауа райы күтіліп отыр

01.12.2024, 09:50
Ауаның ластануы: 6 қалада қолайсыз ауа райы күтіліп отыр
Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылғы 1 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қостанай, Павлодар қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіліп отыр”, деп хабарлады “Қазгидромет”.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.