×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

АҚШ Мемлекеттік департаменті Грузиямен стратегиялық байланысын үзді

01.12.2024, 13:20
АҚШ Мемлекеттік департаменті Грузиямен стратегиялық байланысын үзді
Ашық дереккөзден

Ресми Вашингтон Грузиядағы билік пен халық арасындағы келеңсіздікке, әсіресе билік тарапының ЕО-ға кіруге қатысты ұстанымына байланысты стратегиялық әріптестігін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нақтырақ айтсақ, АҚШ Мемдепартаменті Грузиямен әріптестігін тоқтату туралы шешім аталған ел билігінің ЕО-ға кіруі жөніндегі келіссөздерді тоқтату туралы бастамасына және Тбилисидегі наразылық акциясына қатысушыларды қатаң түрде басып-жаншуына байланысты қабылдап отыр.

Америка Құрама Штаттары өздерінің негізгі принциптерін бұзған Грузиямен стратегиялық серіктестігін тоқтатты. Бұл туралы 30 қарашада АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер хабарлады. Ресми мәлімдеме департаменттің сайтында жарияланған.

“Вашингтон мен Еуропалық Одақ «Грузин арманы» партиясының ЕО-мен интеграция процесін тоқтату туралы шешіміне өкініш білдіреді”, делінген мәтінде.

Мэттью Миллердің айтуынша, халықтың басым көпшілігі Еуропамен интеграцияны қолдайды. Вашингтон грузин билігін «өз пікірін білдіру үшін бейбіт шеруге шыққан халыққа күш қолданды» деп айыптады.

Еске сала кетсек, Грузияда мыңдаған адам сайлау нәтижесіне қарсы митингке шыққанын хабарлағанбыз. Ал кеше Грузиядағы ереуілшілер парламент ғимаратына өрт қойды.